Жасөспірім анасының еңбегін қорғаймын деп, бұзақылық жасаған

ATPress.kz. 29 мамыр. Атырауда анасының еңбегін қорғаймын деп, бұзақылық жасаған жасөспірімге қатысты сот отырысы өтті. Әкімшілік істі қарау кезінде құқық бұзған оқушының анасы жауапкершілікке тартылды.

Облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, қаладағы Ш. Уәлиханов атындағы №9 орта мектептің 8 сынып оқушысы өзінен кіші баланы балағаттап, дене жарақатын салған. 

Сот отырысында анықталған мәлімет бойынша, құқық бұзған баланың анасы өзінің осы мектепте тазалықшы болып еңбек ететінін, баласы еңбегін қорғамақ боп, жуып-тазалап қойған жерін ластаған өзінен бір сынып төмен оқитын жасөспірімге бүлдірген жерін тазалауды талап еткенін айтады. Ал жәбірленуші бала «ластаған жерді тазаламаймын» деген. Ашуға булыққан жасөспірім оны ұрып жіберген. Анасы баласының мұндай қылыққа барғаны үшін сот алдында кешірім сұрады.

Сот қаулысы негізінде бұзақылық жасаған оқушының анасына әкімшілік жаза тағайындалды. Енді ол 11 118 теңге айыппұл төлейді. 

 

Айдос Қарабала

Фото qasym.kz сайтынан алынған