ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі еліміздің үшінші сектор өкілдерін өткен жылғы атқарылған жұмыстары туралы мәліметтерді infonpo.kz ақпараттық ресурсы арқылы тапсыруға шақырып отыр. Және тиісті мәліметтер аталған сайтқа ағымдағы жылдың 31 нау
Infonpo.kz ақпараттық ресурсына мәліметті үкіметтік емес ұйымдар электрондық цифрлық қолтаңба көмегімен жібере алады. Еске сала кетелік, ҚР қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген және 2018 жылғы 1 қаңтарда күшіне енген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес,ҮЕҰ дерекқорына тіркелу мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында әлеуметтік бағдарламаларды және әлеуметтік жобаларды, мемлекеттік гранттарды іске асыруға арналған конкурсқа қатысу үшін міндетті шарт болып табылады.
Жиі қойылатын сұрақтар
1. ҮЕҰ Дерекқоры дегеніміз не?
ҮЕҰ Дерекқоры - үкіметтік емес ұйымдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және жұртшылыққа олар туралы ақпарат беру мақсатында, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру шеңберінде пайдалану, гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру үшін қалыптастырылатын ақпараттық дерекқор.
2. Қай мемлекеттік орган ҮЕҰ Дерекқорын қалыптастыру бойынша уәкілетті орган болып табылады?
Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі (ДІАҚМ) ҮЕҰ Дерекқорын қалыптастыруға жауапты уәкілетті орган болып табылады. Тікелей жұмысты ДІАҚМ-нің Азаматтық қоғам істері комитеті жүргізеді.
3. ҮЕҰ Дерекқорына кімдер мәліметтер беру керек?
«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабы 5-тармағына сәйкес мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, қор, қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестіктері нысанында, сондай-ақ осы Заңның 17-бабында көзделмеген өзге де ұйымдық-құқықтық нысандарда құрылған коммерциялық емес ұйымдар, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкiлдiктерi (оқшауланған бөлiмшелерi) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға жыл сайын 31 наурызға дейін үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган бекітетін тәртіппен өз қызметі туралы, оның ішінде өз құрылтайшылары (қатысушылары), мүлкінің құрамы, ақшаны қалыптастыру көздерi мен жұмсау бағыттары туралы мәліметтерді ұсынады.
Қазіргі уақытта Дін істері және азаматтық қоғам министрлігімен аталған нормаға ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтер беретін коммерциялық емес ұйымдарды нақтылау жөнінде өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде.
4. Жақында, ҮЕҰ дерекқорына үкіметтік емес ұйымдар өз мәліметтерін ұсыну туралы жаңа қағидалар әзірленгені белгілі болды. Қағидаларға өзгерту енгізу туралы шешім немен байланысты?
Жаңа Қағида уәкілетті органға мәліметтер ұсынуды жеңілдету мақсатында үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің пікірін ескере отырып, әзірленді.Мәліметтерді ұсыну нысаны жеңілдетілді – кейбір тармақтар алынып тасталды және нақтыланды, толтыруға ыңғайлы болу үшін кестелерге бөлінді (құрылтай құжаттарын, бухгалтерлік баланстарды, ұсынуды талап ететін нормалар, кірістер мен шығыстарға қатысты тармақтар салық есептілік нысанына сәйкес келтірілді, бұл мәлімет ұсынуды жеңілдетеді).
5. ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді қашан беру керек?
ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді жыл сайын, есептік мерзімнен кейінгі әр жылдың 31 наурызына дейін беру қажет.
Толығрақ ақпарат - infonpo.kz сайтында