ATPress.kz. 31 мамыр. Атырау қалалық әкімдігі кәсіпкерлерден құжаттарды заңсыз талап еткен. Олар көшпелі сауда орындары үшін бекітілген 436 орынға рұқсат беруге бизнес-субъектілерінен 18 құжат түрін сұраттыруды тәжірибеге айналдырыпты.
Бұл заңсыздықты қалалық прокуратура облыс орталығындағы көшпелі саудаға рұқсат беру тәжірибесіне талдау жүргізу барысында анықтаған. Бүгінде осы факті бойынша заңсыз жүйе тоқтатылып, кәсіпкерлік бөлімінің жауапты қызметкерлеріне қатаң ескерту берілді.
«Мұндай тексерістер әлі де жалғасады», - дейді құзырлы орган өкілдері.
Айдос Қарабала
Фото Рахим Қойлыбаевтікі