Экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды

ATPress.kz. 30 наурыз. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов терроризмге қарсы орталықтың кезекті отырысын өткізді.

«Отырыста террористік және экстремистік сипаттағы қылмыстар үшін сотталған адамдарды дерадикализациялау, сондай-ақ оларды бостандыққа шыққан кезде әлеуметтік бейімдеудің тиімділігін арттыру бойынша шаралар пысықталды. Сондай ақ, дін атын жамылған экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде қоғамда белсенді азаматтық ұстанымды дамыту бойынша ұсыныстар талқыланды», - делінген ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз-қызметіне сілтеме жасап хабарлама таратқан «Қаз Ақпарат» агенттігінің материалында.

 

Бек Әзберген

Сурет: inform.kz