ATPress.kz. 28 желтоқсан. Атырау облысында «Бекіре-2017» акциясы кезінде браконьерлерден 64 тоннадан астам балық, 118 жүзу құралы және 11 килограмм уылдырық тәркіленді.
Бұл жөнінде Атырау облыстық әкімдігінде құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде ведомствоаралық комиссияның отырысы белгілі болды, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.
«Бекіре-2017» табиғат қорғау акциясы кезінде 826 заң бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 21 іс бойынша сот шешімі шықты. Балық қорғау заңнамасын бұзғандарға 13 млн теңге әкімшілік айыппұл салынды. Балық қорына залал келтіргені үшін балық қорғау заңнамасын бұзғандарға 2 млн 230 мың теңге көлемінде қуыным берілді. 64 тонна балық тәркіленді, оның 3 тонна 126 килограмы бекіре тұқымдас және 11 кг уылдырық. Заңсыз айналымнан 118 жүзу құралы мен 42 бірлік автомотокөлік шығарылды.
Бек Әзберген