Отандық кәсіпкерліктің дамуына тың серпін беретін бағдарлама

Кіші және орта бизнес кәсіпорындары өздерін мұнай-газ саласында көрсетудің бірегей мүмкіндігіне ие болды. Қазақстандағы кәсіпкерліктің мәселесі - тауарлар мен қызметтердің сапасын халықаралық стандарттар анықтайтын бәсекелестік ортада жұмыс істей алмауына

Бүгінде жеке сектордың бизнес-белсенділігі мемлекет енгізіп жатқан қолдау механизмдерге қарамастан, солғын және тиімділігі аз деңгейде.  Қазіргі уақытта республикада шағын және орта бизнес субъектілеріне қолдау көрсету бойынша Теңіз (Атырау облысы) алпауыт мұнай-газ кен орнын жасаушы - «Теңізшевройл» (ТШО) ЖШС мен Қайта құру және дамудың Еуразиялық банкінің (ҚҚДЕБ) бірлескен екі жылдық бағдарламасы жүзеге асырылуда. Ол іс жүзінде қазақстандық бизнестің дамудың жоғарғы деңгейіне ауысуына, ауқымды ойлауға, басқарудың жаңа мәдениетін енгізуге көмектеседі. 2015 жылғы қазанда іске қосылған бұл бастаманың аралық нәтижелері отандық бизнес алдында бұрын-соңды болмаған мүмкіндіктердің ашылуына куәлік етеді – олар әртүрлі салаларда жұмыс жасайтын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің әлеуетін нығайтуға, олардың қаржылық көздерге, жаңа жобалар мен тұтас нарықтарға қолжетімділігін жақсартуға бағытталған. 

Жүзеге асыру үшін ТШО ҚҚДЕБ-мен өзара келісімге сәйкес 500 мың АҚШ долларын бөлген бұл бағдарлама көптеген әрекет ететін және әлеуетті тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жеткізушілерді мұнай-газ жобаларына тартуға мүмкіндік жасайды. ТШО-ның жергілікті жеткізушілермен қызметтестігін белсендіру, әсіресе қазір Теңізде кезекті үлкен құрылыс – Болашақ кеңейту жобасы басталған шақта маңызды болып табылады. Осының нәтижесінде өңделмеген мұнайды өндіру мұнда 12 млн тоннаға жылына 37 млн тоннаға дейін өседі. Бұл еліміздің экономикасының тұрақты өсімін қамтамасыз етіп отырған қазақстандық мұнай-газ саласы үшін айтарлықтай жақсы көрсеткіш. ТШО бүгінгі күні Қазақстандағы жергілікті тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді пайдаланушылардың ең ірілерінің бірі болып табылады. Компанияның деректері бойынша, мысалы, 2016 жылдың өзінде ол қазақстандық жеткізушілердің тауарлары мен қызметтерін Болашақтағы кеңейту жобасы аясындағы 730 миллион АҚШ долларын қоса алғанда, сомасы 1,9 миллиардтан артық АҚШ долларына сатып алды. 1993 жылдан бастап 2016 жылды қоса алғанға дейін бұл көрсеткіш 22 миллиард АҚШ долларына жетті. Бұл ретте компания жергілікті жеткізушілермен үнемі қызметтестігін кеңейтіп отырады. Ал олардың дүние жүзілік деңгейге сәйкес келуі ТШО-ның тұрақты өсуі үшін маңызды фактор. Компания үшін сапалы тауарлар мен қызметтерді ұсынатын жеткізушілердің қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау бойынша жоғары көрсеткіштері, қазақстандық мазмұндағы даму мен тұрақты өсуге бейілділігі, бағалық бәсекеге қабілеттілігі, қаржылық тұрақтылығы, тапсырыс берушіге бағыттылығы, жаңашыл бизнес-шешімдері болуы тиіс. Теңіздегі жаңа орасан зор құрылыстың бөлшегі болу мүмкіндігі отандық бизнес алдында барлық бағыттарда – азық-түлік өнімдерін және құрылыс материалдары мен металл құрастырылымдарын өндіру мен жеткізуден бастап ІТ-технологиялар мен көлік және курьерлік қызметтерді жеткізуге дейінгі ірі жоспарларға жол ашады.    

ТШО мен ҚҚДЕБ біріккен бастамасы аясында кәсіпкерлерге өздерінің мүмкіндіктерін жергілікті кеңесшілерді және/немесе халықаралық сарапшыларды тарту, жобалық басқарма, бизнес үдерістерді оңтайландыру, шұғыл басқару және сапаны басқару, қаржы және бағаны басқару және басқаларын қоса алғанда, әртүрлі бизнес-тақырыптар бойынша семинарлар мен тренингтерге қатысу арқылы нығайтып, өсіру ұсынылады.

Бағдарламаға қатысу бизнесмендерге стратегиядан бастап мамандар мен сапаны басқаруға дейінгі ірі мәселелер бойынша өздерінің компанияларын басқаруды жақсартуға көмектеседі. 

Бағдарламаға қатысушылар кеңес берушілердің қызметтеріне өздері ақы төлейді. Бұл ретте ҚҚДЕБ бағдарламаның талаптарына сай компанияларға кеңес беру жобасы құнының орташа алғанда 50 пайызын өтейді. Яғни, кәсіпкерлердің кеңес алу мен оқытуға кеткен шығындарын іс жүзінде бөліседі, ал бұл айтарлықтай нышан болып табылады.

ҚҚДЕБ ақпараты бойынша, бүгінгі күні бұл бағдарлама аясында ірі мұнай-газ компанияларына өздерінің өнімдері мен қызметтерін ұсынатын 15 қазақстандық компания осы күні менеджмент, өнім мен қызметтердің сапасын арттырып, есепке алу және бизнес үдерістер жүйесін автоматтандырды, қаржыны басқаруды, тиімді етіп, ұқыпты өндіріс философиясын енгізіп, өндірісті автоматтандырды және жаңа жабдықты іске қосты.

Осындай ынтымақтастықтың жемісті мысалдарының бірі – Қазақстан капиталының жүз пайыздық қатысуымен «Caspian Well Services» ЖШС болып табылады – қазіргі таңда бұл импортты алмастыруға бағытталған және мұнай-газ секторында сапалы сервистік қызмет ұсынатын Батыс Қазақстандағы көшбасшы компаниялардың бірі.  Ақтау қаласында орналасқан бұл  кәсіпорын ұңғымаларын жерасты және түбегейлі жөндеуді, оларды жуып-шаюды, цементтеуді, сынақтан өткізу мен игеруді орындауға, құрал-жабдықтар мен агрегаттарды жинақтау мен бөлшектеуді іске асыруға, көтергіш агрегатты орнату, бұрғылау және мұнай кәсіпшілігінің құрал-жабдықтарын пайдалану, сонымен қатар мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау істері бойынша мамандандырылған.

Caspian Well Services ЖШС-не тапсырыс берушілердің ішінде -  Маңғыстау обылысында жұмыс істейтін Buzachi Operating Ltd, Ravninnoe Oil, Samek International, «Тұлпар МұнайСервис» («Қаражамбасмұнай» АҚ, «КоЖаН» (Big Sky), «Каменистое», Falkon Oil & Gas Ltd, Jupiter Energy Limited, Tasbulat Oil Corporation LLP атты мұнай-газ компаниялары бар. Қызметкерлерінің мол тәжірибесі мен ұсынатын қызметтері сапасының нәтижесінде, Компания өз жұмысының барысында облыстағы сервис нарығынан шетел кәсіпорындарын ығыстыра алды. ТШО тектес еліміздің ірі мұнай-газ компанияларына салалық қызмет түрлерін көрсете отырып, ол Маңғыстау облысының аймағынан тыс жерлерге шығуды өзіне мақсат етіп қойды. Кіші және орта бизнес субъектілеріне қолдау көрсету бойынша ЕҚДБ мен ТШО бағдарламасына қатысуының нәтижесінде осы мақсатқа қол жеткізу толық мүмкін болды. ТШО мен ЕҚДБ Caspian Well Services-ке 5S (үнемді өндіріс) бағдарламасын енгізуге көмек көрсетті. Қолдау базасы бар осы компанияның басшылығы, осы тұста өндірістің қауіпті аймақтарын таңбалап және белгілей отырып, жұмыс орындарын ұйымдастыру мен ресімдеуді, еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы жүйесінің қызмет етуін жақсартуды, қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігіне деген көзқарасын өзгертуді өз бетінше және тиімді түрде жүзеге асыра алмады. Осылайша, 2016 жылы компанияның өндірістік базасында 5S - жұмысты тиімділеу мен жұмыс орнын оңтайландыру жүйесін енгізу туралы шешім қабылданды. «СпецМонтажТехнолоджи» ЖШС кеңесшісінің көмегі арқылы бокстар мен қойма орындарының алғашқы аудиті жүргізілді, үнемді өндірістің талаптарына сәйкес қауіпті аймақтарды белгілеу мен қолдау базасын абаттандырудың жобасы әзірленді. Сонымен бірге компания қызметкерлері қауіпсіздік техникасы мен үнемді өндіріс негіздері бойынша оқудан өтті. 

Қазіргі таңда Caspian Well Services Қазақстанның мұнайсервис нарығындағы өзінің жеке орнын ары қарай да нығайтуға даяр. Миландағы ЭКСПО-2015 халықаралық көрмесінде компания Каспий қайраңындағы ұңғымаларда жұмыс істеудің экологиялық талаптарына сай болатын жаңа құрал-жабдықтарды жеткізу жөнінде Италия зауытымен бірқатар келісімдер жасасты. Компанияның өзі жемісті еңбек ету мен шетелдік сервистік компаниялармен бәсекеге түсу үшін халықаралық стандарттарға сүйену керек деп есептейді. 

«Теңізшевройл» компаниясының жергілікті және халықаралық үздік басқару тәжірибелерін пайдалану жолымен қазақстандық кәсіпорындардың бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру мақсатындағы бағдарламаны қолдауы – оларға көмектесу идеясына деген біздің тұрақты түрдегі шынайы берілгендігіміздің айғағы.  

Қазақстанның кіші және орта бизнесі қарқынды дамуда, сондықтан кәсіпкерлер үшін жаңа көкжиектер ашып жатқан бағдарламаның мүмкіндіктері жайлы олардың хабардар болғаны өте маңызды. Осы қолдаудың арқасында біз бірлесе отырып, нәтижесінде еліміздің ЖІӨ-не кіші және орта бизнестің қосатын үлесін айтарлықтай арттыратын отандық кәсіпкерлікті біз тез арада жоғары деңгейге көтере аламыз.  

Бағдарлама қатысушылары өздері атап айтқандай, түрлі секторларда түрлі кәсіпорындармен және дамудың түрлі кезеңдерінде жұмыс жасайтын сыртқы сарапшылар мен кеңесшілерді тарта отырып, бизнестерін шоғырланбалы тәжірибе мен үздік білімге жеткізеді. Өз бизнес-үдерістерінің тәуелсіз және шынайы бағасын алады. Осының бәрі олардың бизнесінің өсуін және Қазақстандағы халықаралық әріптестермен қатынасқа шығуды қамтамасыз етуге септігін тигізеді.

 

Алма Қасымова,

ЕҚДБ-нің жоба  менеджері

Сурет Kapital.kz сайтынан