Атырау облыстық драма театрының бас режиссёрі ауысты

ATPress.kz. 29 қараша. Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театрына бас режиссёр болып Мұқанғали Томанов келді.

Режиссёр бұған дейін Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында дәл осындай лауазымда қызмет атқарған болатын. 

ҚР Театр қайраткерлері одағының мүшесі Мұқанғали Томанов Оралдағы Дәулеткерей атындағы мәдениет институтында білім алған. Он тоғыз жылға жуық уақыт Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында әуелі актёр, кейін қоюшы-режиссёр, бас режиссёр болып қызметтер атқарған. Балалар мен жасөспірімдерге арналған бірнеше пьесаның авторы. Отыздан астам рөлді сомдаған.

Ал, Махамбет атындағы қазақ драма театрының бұрынғы бас режиссёрі Жаннат Телтаев қоюшы режиссёр штатына ауысып отыр. 

 

Нұрбейбіт Нұғыманов

Сурет Рахим Қойлыбаевтікі