Тұрғындар банктерден екі айда 31 млрд теңге қарыз алады

АTPress.kz. 28 наурыз. Ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында Атырау облысында екінші деңгейлі банк филиалдары арқылы тұрғындарға 31,1 млрд теңге несие берілген. Бұл 2016 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда 43,5%, немесе 9,4 млрд теңгеге, көп.

Осы ретте заңды тұлғаларға несие беру 10,1%, ал жеке тұлғаларға несие беру 81% дейін өсіп отырғанын байқауға болады. Екі ай ішінде ұлттық валютамен берілген несиелер 89,2% көбейсе, шетел валютасымен берілген несие 81,4% дейін азайған. Сонымен қатар, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілген несиелер де өткен жылмен салыстырғанда 79% өсіп отыр.

ҚР Ұлттық банкі Атырау филиалының мемлекеттік қызметінің 1 наурыздағы жағдайы туралы Ұлттық банктің Атырау облыстық филиалы хабарлады. 

"2017 жылғы 1 наурызға облыстағы банк филиалдарының несиелері бойынша берешектердің жалпы көлемі 311,7 млрд теңгені құрады. Қаңтар-ақпан айында облыстың айырбастау пункттері арқылы халықтан сатып алынған АҚШ долларымен еуро өткен жылмен салыстырғанда төмендегенін аңғартса, есесіне ресей рублін сатып алушылар көбейген. «Уәкiлетті ұйымдарға қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру» және «Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеу» мемлекеттік қызметтерін алуға қызметті тұтынушы www.egov.kz «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы хабарласа алады", - делінген хабарламада. 

Ағымдағы жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша облыс аумағында екінші деңгейдегі жиырма екі банктің 23 филиалы, 68 жеке үй-жайы, 84 айырбастау пункті жұмыс істеді. 

 

Мереке Асанова