Құрманғазыда жаңа мал сою пункті ашылды

ATPress.kz. 26 қаңтар. Құрманғазы ауданына қарасты Жыланды селосының іргесінде жаңа мал сою пункті ашылды. Оның иесі - «Дыңғызыл-2» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі.

Аталмыш өндірістік ұжым өткен 2017 жылдың 21 ақпанында құрылды.

Қыстың ертеңгілік үскірік аязы бет қарып тұруына қарамастан, жаңа нысанның алдына келушілер көп болды. Жаңа ғимараттың ашылуына Құрманғазы ауданы әкімі Бибоз Шаяхметов арнайы қатысып, нысанның жұмысымен танысты. «Бұл пукнт барынша жедел жұмысымен ерекшеленеді. Тірі сиыр малы бас аяғы 30-35 минут уақыттың ішінде сойылып, тоңазытқышқа түсті», - дейді нысан мамандары. 

 

Таңатар Дәрелұлы