Құрманғазы ауданында «Зере cу» өндірістік цехы ашылды

ATPress.kz. 31 қаңтар. Құрманғазы ауданына қарасты Ганюшкин ауылының «Құрылысшылар» мөлтек ауданында «Зере cу» өндірістік цехы ашылды. Цехтың қуаты сағатта 1,5 литрлік 300 дана, 5 литрлік 200 дана, 19 литрлік 50 дана ыдысқа құйылған суды өндіруге шақталға

Жалпы құны 60 миллион теңгеге бағаланған жоба бүгінде он адамды жұмыспен қамтып отыр. 

- Жұмысымызды бастау үшін 2014 жылдан бастап экономикалық талдау жасадық. Аудан көлеміне қанша су қажет, сұраныс қандай деген мәселелерді анықтадық. Үкімет тарапынан шағын бизнесті дамытуға үлкен көмектер жасалды. Мысалға біз «Құрманғазы» несие серіктестігінен 22 миллион теңге несие алып, кейін қосымша қаражаттармен барлық құрал-жабдықтарымызды әкеліп орнатып алдық. Болашақта газдалған су, лимонад сияқты сусындар шығаруды қолға алу жоспарымызда бар, - дейді жеке кәсіпкер Ақылбек Қуаншәлиевтің өзі. 

 

Қанат Ғұмаров