«ҚазАгроҚаржы» компаниясы «Сенімді фермер» жобасын іске қосты

ATPress.kz. 3 сәуір. «Сенімді фермер». Осындай атаумен іске қосылған «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның жаңа бағдарламасы – компания клиенттеріне ауыл шаруашылығы техникасын аванстық төлемсіз лизингке сатып алу мүмкіндігін сыйлап отыр.

Клиенттерге қойылатын басты талап сол, олар адал ниетті қарыз алушының критерийлеріне сәйкес келуі тиіс. «Яғни, клиенттің үздіксіз және сапалы кредиттік «тарихы» болуы керек. Демек, «ҚазАгроҚаржыдан» алынған қаражаттарды мақсатсыз пайдалану фактілері болмауға тиісті», - дейді компания мамандары. 

Бүгінгі таңда Қазақстанда жем-шөп тапшылығы мәселесі өткір болып отыр. «Осыған байланысты, отандық жем-шөп өндірісін қолдау және дамыту мақсатында, компания «Өз жем-шөбіміз» бағдарламасын іске қосылды. Оның барысында аталмыш бағытты қаржыландыру жүзеге асырылуда. Бұл бағдарламаның шеңберінде қазақстандық фермерлер ауыл шаруашылығы техникасын 10 жылға дейінгі мерзіммен сатып ала алады, бұл ретте аванстық төлемнің мөлшері қысқартылған және 10% құрайды», - делінген «ҚазАгроҚаржы» АҚ таратқан баспасөз-парақшасында. 

 

Тасым Әбіш