Нұрлан Ноғаев Жылыой ауданына жұмыс сапарымен барды

ATPress.kz. 17 қаңтар. Бүгін Жылыой ауданына жұмыс сапары кезінде Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев жедел бақылау орталығының құрылысын аралап көрді.

2017 жылдың маусымында құрылысы басталған нысан 2018 жылы пайдалануға беріледі. Жергілікті билік аталмыш орталықтың Құлсары қаласындағы криминогендік ахуалдың жақсаруына оң ықпал етеді. 

Сапар аясында аймақ басшысы Нұрлан Асқарұлы жылыту маусымы және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық мәселесіне қатысты жиналыс өткізіп, салаға бақылауды күшейтуді тапсырды.

«Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласындағы жұмыс жүйелі және ешқандай ақаусыз болуы тиіс. Осы жылыту маусымы аяқталғаннан кейін келесі жылға дайындықты бастау керек. Жылыту маусымы талапқа сай болуы тиіс, осыны барлық жауапты адамдарға ескертемін», - деп атап айтты Нұрлан Ноғаев. 

 

Бек Әзберген