Кәсіпкерлік корпорация жаңа жобаларды іске қоспақ

АTPress.kz. 10 сәуір. Өткен жылы Атырау облысының аймақтық тұрақтандыру қорына жергілікті ауылшаруашылық тауарларын өндірушілерден 2 588,6 тонна картоп және көкөніс өнімдері сатып алынды. Бүгінгі күнге дейін олардың 1610 тоннасы Атырау тұрғындарына 20-30%

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде болған брифингте «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» (ӘКК) ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы басқарма төрағасы Абат Тасимов хабарлады. 

ӘКК өңір тұрғындарын тұрақтандыру қоры арқылы азық-түлікпен қамтамасыз етумен айналысады. Басқарма төрағасы Абат Тасимовтың айтуынша, облыстық тұрақтандыру қорындағы азық-түліктерді сақтау және сату бағдарламасының операторы «Сарайшық Атырау» ЖШС болып табылады. 

Қазіргі таңда қоғамның  инвестициялық қоржынында барлығы 107,4 млрд. теңгені құрайтын 36 инвестициялық жоба бар. Инвестициялық жобалардың ішінен 15,5 млрд. теңгенің 21 жобасы іске қосылып, 91,9 млрд. теңгені құрайтын 15 жоба жүзеге асырылу үстінде. Іске асырылғандардың он екісі аймақтық индустрияландыру картасына енгізілген.   

- Үлкен жобалардың қатарында заманауи сүт-тауар фермалары, құс фабрикасы, жүн бұйымдарын өндіру кешені, көкөніс қоймалары мен көкөніс өңдеу цехы және тағы басқа ірі өндіріс орындары өз өнімдерін халыққа ұсынуда. Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде барлығы 700-ден астам тұрақты жұмыс орындары ашылды. Корпорация отандық инвесторлармен ғана шектелмей, шетел инвестицияларын тарту жұмыстарымен де белсенді айналысуда, - деді Абат Тасимов.

 

Мереке Асанова