Индерборда алғаш рет жекеменшік балабақша ашылды

ATPress.kz. 28 наурыз. Индерборда тұңғыш рет жеке балабақша ашылды. «Бал-Бала» балалар бақшасы 40 орынға шақталған.

Балабақшаның салтанатты ашылу рәсіміне Индер ауданы әкімі Серік Арыстан қатысып, жеке балабақша иесі Еркін Бекетұлына алғысын білдірді. 

Қос қабатты ғимаратта балалардың алаңсыз ойнап, демалуларына бар жағдай жасалған. Жаңа балабақша меңгерушісі Гүлзада Ержанова санаулы күндерде балабақшаға бүлдіршіндерді қабылдаудың басталатындығын атап өтті. 

 

Саламат Сансызбайұлы,

Индер ауданы