Биыл «Жасыл ел» студенттер жасағының еңбекақысы артады

АTPress.kz. 19 қаңтар. Жастарды жұмыспен қамту мәселелеріне арналған жиын барысында Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев «Жасыл Ел» студенттер жасағының санын арттыруды тапсырды. Бағдарлама бойынша өткен жылы әр ауданнан елу адамнан тартылса, биыл олардың

Аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев Атырауда еңбекші студент жасағының санын үш мыңға дейін арттыруға мүмкіндік бар екенін жеткізді. Бұдан бөлек, биыл Атырауда студент жұмысшылардың еңбекақысы да артқалы отыр.  

- Өткен жылдары жазғы каникул кездерінде жұмысқа тартылған студенттердің жалақысы 47 729 теңге болса, ол биылғы жылы 59 000 теңгеге көтеріледі, - деп мәлімдеді Атырау облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Жасұлан Бисембаев

- Ұсынысты дайындаңыздар, жергілікті бюджет студенттерге арналған қосымша жұмыс орындарын құру үшін қаржы бөледі. Облыстағы мектептердің жоғары сыныптарында 26 мың бала, жоғары оқу орындарында 10 мың, колледждерде 18 мың білім алушы бар. Біз олардың көп бөлігін еңбекпен қамтамасыз етіп, жаз айларында жұмыс тауып беруіміз қажет. Мемлекеттік бағдарлама бойынша толтырып нысандар салып жатырмыз, неліктен ақша тапқысы келетін студенттерді құрылысқа жұмылдырмасқа? - деді жиында Нұрлан Ноғаев

 

Нұрбейбіт Нұғыманов