Бақсайда ауылшаруашылығы кооперативі жұмыс істейді

ATPress.kz. 18 қаңтар. Бақсай ауылында 380 бас мүйізді ірі қара бордақыланды. Бұл туралы есеп беру жиынында Бақсай округінің әкімі Қ. Мажиев мәлімдеді.

Оның айтуынша, Махамбет ауданында тұңғыш рет мүйізді ірі қара малын бордақылайтын «Бақсай» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі құрылып, жұмыс жасауда. 36 мүшесі бар кооперативке жалпы сомасы 65 млн теңге болатын жеңілдетілген несие берілген.

 

Ф. Қожанова,

Махамбет ауданы