ATPress.kz. 2 маусым. Атырауда 5 маусымнан бастап алтын құймаларды сату мен сатып алу бағдарламасы іске қосылады. Ол Қазақстан теңге сарайында дайындалған және салмағы 10, 20, 50, 100 грамм болатын алтын құймалар. Бұл - ақша жинаудың қарапайым және түсіні
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Атырау филиалының директоры Айнұр Көшербаева хабарлады. Бағдарлама негізінде алтын құймаларды тез сатып алуға және сатуға болады.
Алтын құймалар ауқымды филиалдық желісі бар екінші деңгейдегі банктер арқылы сатылатын болады. Бүгінгі күні бағдарламаға Қазақстан Халық банкі мен Еуразиялық банк қатысуға ниет білдіріп отыр. Ал бұл жоба әзірге Астана, Алматы, Өскемен және Атырау қалаларында жүзеге асады
Ескерер мәселе, алтын құймалардың түпкілікті құнын банктер ресми баға белгілеулерін және өз маржаларын саралай отырып, дербес белгілейтін болады. Ал Ұлттық Банк әлем нарығындағы алтын бағасына және теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамына қарай күн сайын алтын құймалардың құнын жариялап отыруды жоспарлаған.
«Алтын құймалар арнайы қорғаныш вакуумды орауда шығарылады. Ол бірегей қорғаныш элементі болып табылады. Ораудың бүтіндігі алтын құйманы ұсынған кезде банк оны қандай да бір ұзақ сараптамасыз сатып алуға міндетті болатынын білдіреді. Алайда, егер орауды ашқыңыз және алтынды «қолмен ұстағыңыз келсе», онда құйманың құны өзгермейді. Тек, банк бұл құйманы инкассоға қабылдайды, яғни Ұлттық Банк сараптама жүргізгеннен кейін ғана сізбен есеп айырысады. Ал бұл ұзақ уақытты және қосымша комиссияны төлеуді талап етеді», - дейді Атыраудағы Ұлттық банк директоры.
Алтын құймалар қымбат өнім болып табылады. Олардың құны шамамен 10 грамм үшін – 127 мың теңгені, 20 грамм – 254 мың теңгені, 50 грамм – 636 мың теңгені, 100 грамм – 1 млн. 270 мың теңгені құрайды.
Алтын құймалардың шикізатынан бастап түпкілікті өніміне дейін тек қазақстандық болып табылады. Сонымен қатар Ұлттық Банк алтын құймаларының «төрт тоғыздық» сынамалы жоғары сапасына кепілдік береді.
Алайда, алтын құймаларды сатып алуда әлем нарығында алтын құнының өзгеруі мен ұлттық валюта бағамының өзгеру тәуекелдері бар. Алтынның құны ұлғаюы да, төмендеуі де мүмкін.
Айдос Қарабала