Биыл дәстүрлі тамыз мәслихаты «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» тақырыбында аталып, кешегі өткен секциялық отырысында білім беру саласындағы алдағы атқарылуы тиісті істер, оның ішінде оқушыға психологиялық қауіпсіз орта қалыптастыру, мектептегі тәрбие жұмысы және басқа да мәселелер төңірегінде жан-жақты айтылды.
Білім
Атырауда 1500-ден аса гараж бұзылып, орнына мектеп пен балабақша салынады, деп хабарлайды "Хабар 24".
Бүгінде Атырау қалалық білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына 7 844 бала қабылданды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Төленбеген 37 айыппұлы бар шетелдік автокөлік айып тұрағына қойылды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Аймақ басшысы Серік Шәпкеновтың төрағалығымен 2023-2024 жаңа оқу жылына жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімі бар мамандарды даярлауға (бакалавр) грант тағайындау бойынша комиссия отырысы өтті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Мектеп формасына әртүрлі конфессияларға қатысты діни ағымның киім элементтерін қосуға жол берілмейді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
«АМӨЗ» ЖШС-нің бас директоры Мұрат Досмұратовтың еңбек ұжымымен есеп беру кездесуі өтті. Зауыт басшысы үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығындағы басты өндірістік көрсеткіштер, әлеуметтік, экологиялық шаралардың нәтижелері туралы баяндап, жыл соңына дейінгі жоспарларға тоқталды.
ҚР Үкіметінің отырысында өңірлердің жаңа оқу жылына дайындығы қаралды. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев 1 қыркүйектен бастап 7,7 мың білім беру ұйымында 3,9 млн бала білім алатынын, олардың 364 мыңы бірінші сыныпқа баратынын айтты. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында биылдан бастап 1,4 млн бастауыш сынып оқушысы (1-4) тегін тамақпен қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауында Үкіметке «...студенттердің жекелеген әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған санаттары үшін жатақханада тұру шығыстарын субсидиялау мүмкіндігін пысықтауды» тапсырды. Жаңа оқу жылы қарсаңында Президент тапсырмаларын орындау аясында Үкімет тиісті қаулы қабылдады, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Бүгін облыстық білім беру басқармасының басшысы Ерлан Сламбеков облыс орталығындағы ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан №27, 22, 31, 19 мектептер мен туберкулез ауруының шамалы және бәсеңдеген түрімен ауыратын балаларға арналған №4 облыстық шипажайлық мектеп-интернаты, «Сәби әлемі» балабақшасында болып қайтты, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
24-25 тамыз аралығында елдің 20 өңірі бойынша білім қызметкерлерінің республикалық «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» атты тамыз кеңесі басталады. Бұл туралы Атырау облысы Білім беру басқармасы басшысы Ерлан Сламбеков баспасөз брифингінде мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Резидентураға және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде әкім грантымен оқыған студенттердің босаған білім беру гранттарына құжат тапсыру ағымдағы жылы тамыз айының 21-23 аралығында жүзеге асырылады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.