Атыраулық жүргізуші 1 млн теңгеге жуық айыппұлын төлемеген
Төленбеген 37 айыппұлы бар шетелдік автокөлік айып тұрағына қойылды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
21 тамыз күні сағат 12:30 шамасында Жедел басқару орталығының бейнебақылау қызметкерлері Interceptor іздеу жүйесі арқылы Грузия елінде тіркелген маркасы Toyota Camry автокөлігін анықтап, патрульдік полиция қызыметкерлеріне бағыттама берген. Полицейлер автокөлікті Азаттық көшесі бойында тоқтатты. Тексеру кезінде автокөліктің 810 мың теңгеден астам 37 айыппұлы бар екені анықталды. 27 жастағы жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 785-бабына сәйкес хаттама толтырылып, көлік арнайы айып тұрағына қойылды.
Осы ретте, атыраулық полицейлер жол ережесін қатаң сақтап, айыппұлдарды мерзімінен кешіктірмей өтеу керегін ескертеді.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ