Атыраудың бас ұстазы мектепте орамал тағуға қатысты жауап берді

Мектеп формасына әртүрлі конфессияларға қатысты діни ағымның киім элементтерін қосуға жол берілмейді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

«Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығына сәйкес әртүрлі діни бірлестіктер киімінің элементтерін мектеп формасына қосуға рұқсат етілмейді. Бұл туралы Атырау облыстық білім беру басқармасының басшысы Ерлан Сламбеков мәлім етті.

Осы бұйрыққа сәйкес орта білім беру ұйымдарының жалпыға міндетті мектеп формасы білім берудің зайырлы сипатына сәйкес келеді. Мектеп формасының стилі, түсі классикалық стильде, бір түсті гаммада, үш түсті араластырудан аспайды.

Осы мәселе бойынша әлеуметтік желіде мектеп формасын енгізу үшін ата-аналар комитеті шешім қабылдайды деген ақпарат шындыққа жанаспайды.