22 «тамыз», 2023 205

Атырауда бірінші сыныпқа қабылдау жалғасуда


Бүгінде Атырау қалалық білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына 7 844 бала қабылданды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Оның ішінде қазақ сыныбына - 6 245, орыс сыныбына - 1 599 бала құжат тапсырған. Жаңа оқу жылындағы қазақтілді 1-сынып саны 273-ті, орыстілді 1-сынып саны 63-ті құрайды.

Қазіргі таңда оқушыларды алғашқы сыныпқа қабылдау жұмыстары әлі де жалғасуда.30 шілде "Егов" порталы арқылы құжаттарды онлайн тапсыру аяқталған болатын. 25-тамызға дейін ата-ана мына құжаттарды тапсыру қажет: баланың екі дана 3х4 суреті; туу туралы куәлігі; форма 26, 65; ерекше жағдайдағы бала болса, ПМК қорытындысы қажет.