Аймақ басшысы Серік Шәпкеновтың төрағалығымен 2023-2024 жаңа оқу жылына жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімі бар мамандарды даярлауға (бакалавр) грант тағайындау бойынша комиссия отырысы өтті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Сөйтіп, білім беру гранттарының иегерлері анықталды. Облыс әкімі грантына түрлі мамандықтарға 295 грант қарастырылды. 2023-2024 оқу жылындағы жергілікті білім беру гранты иегерлерінің (бакалавр) тізімімен мына сілтеме арқылы таныса аласыздар. Сондай-ақ, осы сілтемеге өтіп, толық ақпарат алуға болады.