Білім

1 қыркүйектен бастап шәкіртақы өседі

1 қыркүйектен бастап шәкіртақы өседі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап ай сайынғы мемлекеттік шәкіртақы мөлшері өседі. Атап айтқанда, бакалавриат студенттерінің шәкіртақысы 20%-ға, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы 15%-ға, ТжКБ студенттерінің шәкіртақысы 50%-ға арттырылады. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкіметтің тиісті қаулысына қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Бастауыш сынып оқушылары тегін тамақпен қамтылмақ

Бастауыш сынып оқушылары тегін тамақпен қамтылмақ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл 1 қыркүйектен бастап аз қамтылған отбасылардан шыққан 1,5 миллионнан астам оқушы, сондай-ақ әлеуметтік мәртебесіне қарамастан бастауыш сынып оқушылары үшін тегін тамақтандыруды ұйымдастыру жоспарлануда, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі. 

Атырауда 8 мектеп күрделі жөндеуде

Атырауда 8 мектеп күрделі жөндеуде

Бұл туралы Атырау облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Бердібек Таишев баспасөз брифингінде мәлім етті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.