09 «тамыз», 2023 233

Атырауда білім сапасын енді жаңа басшы қадағаламақ


Атырау облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысы тағайындалды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Осыған дейін Атырау облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарған Бердібек Таишев Атырау облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы болып тағайындалды.

Бердібек Таишев жоғары білікті маман. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін Құқықтану мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2012 жылы Атырау облысы Әкімінің аппараты Облыстық Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасында инспектор болып бастаған.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау Комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті Құқықтық, кадр жұмысымен мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі бас маманы,

Атырау қаласы әкімінің аппараты Қалалық білім бөлімінің Бала құқығын қорғау жөніндегі бас маманы

Қалалық білім бөліміне қарасты А.П.Чехов атындағы №14 негізгі мектебінде Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары,

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Атырау облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің Жетекші маманы, Бас маманы,

Атырау қаласы әкімінің аппараты Қалалық білім бөлімінің Әдістемелік кабинет меңгерушісі,

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Атырау облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің Білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысы,

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Атырау облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің Білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы,

2020 жылдан бастап күні бүгінге дейін Атырау облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарды.