Білім беру ұйымдарындағы интернет жылдамдығы талқыланды

Атырауда білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік мәселесі мен облыстың білім беру ұйымдарындағы интернет жылдамдығы талқыланды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Осы және өзге де жаңа оқу жылына дайындық мәселелері облыстық білім беру басқармасының басшысы Ерлан Сламбековтың төрағалығымен өткен жиында жан-жақты талқыланды.

Жиынға полиция департаментінің мамандары, білім бөлімдерінің басшылары мен мектеп директорлары қатысты. 

«Өңірде террористік тұрғыдан осал объектілерге жататын 201 мемлекеттік мектеп бар. Барлық мекемелер 9 923 бейнекамерамен жабдықталған. 1481 бейнекамера полицияның жедел басқару орталығына қосылған», деді Атырау облыстық білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Тұңғатарова. 

Айта кету керек, мекемелер дабыл түймелерімен,  турникеттермен жабдықталған.
148 мектеп арнайы күзетпен қамтылды. Жалпы мектептердің полицияның жедел басқару орталықтарына қосылу көрсеткіші 70% құрайды.

Қасиет Бахкерейқызы