Ұлттық спортты ұлықтаған сайыс

ATPress.kz. 16 мамыр. Қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақтан әйелдер арасында Атырауда облыстық чемпионат өтті. Ұлттық ойынды дамытып, оны кеңінен насихаттап, спортшылардың шеберлігін шыңдауды мақсат еткен жарысқа Махамбет, Қызылқоға, Исатай, Индер ауданда

Индер ауданынан барған талабы зор тоғызқұмалақшы жасөспірімдерді Аққала орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, тоғызқұмалақ үйірмесінің жаттықтырушысы Амангелді Мұратов бастап алып барды. Нәтижесінде Қарлығаш Құсайынова мен Арайлым Құсайынова, Гүлмаржан Бейімбетова, Ажар Жұмагелдина, Махаббат Сансызбаевадан құралған топ өз мүмкіндіктерін жоғары деңгейде көрсете білген.

«Әйелдер арасындағы тоғызқұмалақ ойыны тартысты да таласты өтті. Біздің жерлестеріміз қарсыластарын түгелімен ұтты. Бірақ, облыстан қатысқан үш команда есеп қорытындысымен бір балға озық түсіп, бас жүлде мен «Спорт шеберіне үміткер» белгісін иемденіп кетті. Біздің қыздарымызға екінші орын бұйырды, - дейді аққалалық Амангелді Әйіпқалиұлы.

 

Диас Айбаров,

Индер ауданы