ATPress.kz. 28 наурыз. Құрманғазы ауданында бокстан 2004-2005 жылы туған жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды. Чемпионатқа Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау облысының жас боксшылары қатысуда.
Сайыстың ашылу салтанатында Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасары Өркен Тәжібаев қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі. Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұржауған Төлеуова Батыс аймақтық чемпионатының Атырау өңірінде, соның ішінде Құрманғазы ауданында өтіп жатқаны үлкен мәртебе екендігін атап өтті. Спикердің пікірінше, деңгейлі шаралар облысымызда және батыс өңірінде бокстың дамуына көп септігін тигізеді.
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, әлем кубогінің иегері, бес дүркін КСРО чемпионы, Қазақстан Республикасының жасөспірімдер арасындағы бокстан аға жаттықтырушысы Аркадий Топбаев Батыс өңірінен олимпиадалық ойындарға қатысушылар шығатынына сенімді. «Әрине, ешкімде бірден әлем біріншілігінің жеңімпазы бола қалмайды, чемпиондар алдымен осындай ауылдық жерлерде де тәрбиеленеді», - дейді тренер.
Қ. Ғұмаров