Қазақ футзалшысы еуропаның үздік сұрмергені атанды

Нидерланд елінде туын көтрген Футзалдан Еуропа чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды ATPress.kz.

Ақтық сында Ресей және Португалия құрамалары кездесіп, 4:2 есебімен португалдықтар жеңіске жетіп, екінші рет қатарынан еуропа чемпионы атанды.

 Біз үшін басты жаңалық — Қазақстан құрамасының ойыншысы Біржан Оразовтың турнирдің үздік сұрмергені атанғаны. Оның еншісінде жеті гол, екі нәтижелі пас бар. Еске салайық, Қазақстан құрамасы турнирдің ширек финалында Украинадан 3:5 есебімен жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалған болатын.