ATPress.kz. 17 мамыр. Атырау облысы баскетбол федерациясы мен Құрманғазы ауданы дене шынықтыру және спорт бөлімі бірлесіп, 2004-2006 жылы туған қыздар және 2005-2006 жылы туған ұлдар арасында баскетболдан «Isker» оқушылар лигасын өткізді.
Жарысқа Бегалиев, Әуезов, Ломоносов, Манаев, Абай, Алтынсарин, Еңбекші, Имашев, Гоголь жалпы орта мектептерінен барлығы 150-ге жуық жас спортшылар қатысты. Жарыс қорытындысымен баскетболдан 2004-2006 жылы туған қыздар арасында бірінші орын Бегалиев жалпы орта мектебінің командасына бұйырды. Екінші орында Имашев жалпы орта мектебі. Абай жалпы орта мектебінің командасы үшінші орынды иеленді. «Жеңіске деген жігері үшін» аталымы Манаев орта мектебінің командасына бұйырды. Нұрайна Башенова (Бегалиев) «Үздік ойыншы», Арайлым Ғизатоллаева (Абай) «Үздік техникасы үшін», Диана Таташева (Имашев) «Үздік орталық ойыншы» аталымдарымен ұлығыланды.
Баскетбол ойыны бойынша, 2005-2006 жылы туған ұлдар арасында бірінші орынды Бегалиев орта мектебінің командасы алды. Екінші және үшінші орындарда Манаев және Абай жалпы орта мектебінің ойыншылары. «Жеңіске деген жігері үшін» аталымы Алтынсарин орта мектебіне берілді. Жанбота Шоқанұлы (Манаев) «Үздік ойыншы», Арарат Ахмет (Бегалиев) «Ең жас ойыншы», Ануар Ниғыметов (Абай) «Үздік орталық ойыншы» деп танылды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кубоктар, медальдар мен сыйлықтар табыс етілді.
Б. Уахитов