Мақат ауданында велосипедшілер шеруі өтті

ATPress.kz. 4 маусым. Рәміздер күніне орай Мақат аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі мекемелер арасында веложарыс өткізді.

Шеруге 21 спортшы қатысты. Олар аудан орталығындағы өндірістік желілік басқармадан Орталық алаңға дейінгі қашықтықта жарысып, мәреге жетті. Жарыс қорытындысы бойынша ерлер арасында «Жеңіске деген жігері үшін» аталымымен А. Абаев марапатталды. Үшінші орынды Н. Сәрсенбайұлы, екінші орынды Р. Шілбаев, бірінші орынды П. Құлмұханов алды. 

Жасөспірімдер арасында «Жеңіске деген жігері үшін» номинациясымен И. Беркінғали марапатталды. бірінші орынды А. Қараев иеленді. Екінші және үшінші орындарды Р. Шілбаев пен Н. Азиналиев өзара бөлісті. 

 

Е. Мырза