Бүгінде Махамбет ауылында 160 орындық спорт кешенінің құрылысы жүріп жатыр. Бұл туралы аудан әкімі Ринат Жанқылыш баспасөз мәслихатында мәлімдеді
- 2022 жылы Ортақшыл ауылынан 160 орындық дене шынықтыру кешенін, 2023 жылы Ақтоғай, Таңдай, Талдыкөл, Есбол, Жалғансай ауылдарына ашық спорт алаңдарын салу жоспарлануда. Олардың жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталып, сараптамадан өтті. Қажетті қаражатқа сұраныс берілді, - деді аудан әкімі.