ATPress.kz. 12 маусым. Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Қызылоба ауылында ұлағатты ұстаз Есқабыл Қожағалиевты еске алуға арналған еркін күрестен ашық турнир өтті.
Еліміздің барлық аймағынан жиналған балғын палуандар боз кілемнің шаңын шығарды. Олардың арасында Индер ауданынан қатысып, мұнайлы өлкенің намысын қорғаған палуандар да бар.
23 кг салмақта өнер көрсеткен бөденелік Бірлік Алмасұлы, 25 кг салмақта шаршы алаңға шыққан Жанарыс Өрбісінов және 33 кг салмақта қарсыласын айқын басымдықпен жеңген жарсуаттық Бекнұр Қойшыбаев бірінші орынды иеленді.
Бөденелік Арслан Нығметолла (25 кг) мен жарсуаттық Алихан Ади (35кг) үшінші орынның жүлдегерлері атанды.
Д. Қаби,
Индер ауданы