ATPress.kz. 5 маусым. «Астанаға - 20 жыл» датасы аясында басталған «Денсаулық факелі» эстафетасы алауы Индер ауданына жетті. Исатай ауданы арнайы табыстаған денсаулық алауын жергілікті жұртшылық салтанатты жағдайда қабыл алды.
Аудандарды аралап жүрген эстафетаның басты мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау. Осы арқылы ұлт саулығын сақтау мәселесіне қоғам назарын аудару. Шара аясында мекеме ұжымдары, оқушылар спорт алаңынан Тәуелсіздік алаңына дейін жүгіріп өтті.
Аймақтық деңгейде өтіп жатқан денсаулық алауын Исатай ауданы әкімінің орынбасары Нұрғайша Әбижан Индер ауданы әкімінің орынбасары Дарын Шамұратовқа табыстады.
Диас Айбаров,
Индер ауданы