Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Шекаралық бақылау департаменті бастығының бірінші орынбасары, полковник Ғани Ағаділов өткізу пункттерінде шекаралық бақылауды жүзеге асыру туралы баяндады.
Саясат
Мемлекеттік басқару жүйесі үшін талантты жастарды анықтау және тарту мақсатында Президенттік жастар кадр резервіне кезекті үшінші іріктеу жоспарлануда. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Ерлан Ермаханбетов мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Мемлекеттік басқару жүйесі үшін талантты жастарды анықтау және тарту мақсатында Президенттік жастар кадр резервіне кезекті үшінші іріктеу жоспарлануда, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі.
Қалалық мәслихат депутаты Мақсат Айсауытов Назарбаев даңғылына Достық атауын қайтару туралы ұсыныс білдіріп, Орал әкімі Миржан Сатқановқа жолдаған.
Президент Жарлығымен адам өмірін сақтап қалуға байланысты қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін бірқатар азамат «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
"Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС-де партия мүшелері мен ардагерлері, Атырау қалалық мәслихат депутаты Айжан Сарсембаева және зауыт басшыларының қатысуымен «AMANAT» бастауыш партия ұйымының жиналысы өтті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елорданың 25 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған Астананың бауырлас қалалары форумына қатысып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігінің алқа мәжілісінде алаяқ туристік компанияға алданған, қазір Сауд Арабиясының полиция учаскесінде қамауда отырған қазақстандықтардың мәселесі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігінің алқа мәжілісінде полицияны модернизациялау мәселесін көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Тәулік бойы сақадай сай болу үшін ерекше қажыр-қайрат пен төзімділік қажет. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігінің алқа мәжілісінде осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.
ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы, партия Төрағасы Ерлан Қошанов «AMANAT» партиясынан сайланған барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының республикалық форумында халықты толғандырып отырған барлық мәселелерді партиялық жобалардың аясында шешуге күш салып отырғанын айтты. «Сайлаушылармен жұмысымыздың басты өлшемі – адалдық пен уәдеге беріктік. Біз бұл қағидадан ауытқымауымыз керек. Мысалы, сайлау кезінде Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары шекаралық аудандарды қалпына келтіру мәселесін қозғады. Біз бұл мәселенің өз құзырымызға кірмейтінін ашық айттық. Бірақ, ол өтінішті Мемлекет басшысына жеткізуге уәде бердік және уәдемізді орындадық. Кеше ғана Президент Қатон-Қарағай, Марқакөл, Мақаншы аудандарының алдағы екі жылдың ішінде ашылатынын жария етті. Батыс өңірге барғанда, вахталық ауысымның уақытын реттеу туралы әңгіме болды. Біз бұл мәселені сол жақтағы алпауыт компаниялармен бірлесіп, мұқият қарастырып жатырмыз. Сондай-ақ, партияның Сайлауалды бағдарламасында біз ауылға баратын жас медицина қызметкерлері үшін 10 миллион теңге көтерме ақы төлеу міндетін қойған едік. Ол да орындалу үстінде. Бұдан бөлек, халықты толғандырып отырған барлық мәселелерді партиялық жобаларымыздың аясында шешуге күш салып отырмыз. Өткен жылдан бері «Ауыл аманаты», «Жер аманаты» жобалары жүзеге асырылуда. Жақында қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған «Қарызсыз қоғам» жобасы басталды. Өзге де көптеген партиялық жобаларымыз бар. Бұл жобалардың барлығы да қарапайым азаматтар үшін жасалған», - деді Е.Қошанов.
ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы, партия Төрағасы Ерлан Қошанов «AMANAT» партиясынан сайланған барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының республикалық форумында фракциялардың жұмысына кеңірек тоқталды.