Бүгін дауыс беру учаскелерінің ашылуынан бастап «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясы» республикалық қоғамдық бірлестігі күшейтілген қырағылық режиміне көшті.
Біздің ситуациялық орталық республиканың барлық дауыс беру учаскесінен аймақтық штабтар мен үйлестірушілерден түсетін өзекті ақпаратты ала отырып, үздіксіз мониторинг режимінде жұмыс істеп жатыр. Таңғы сағат 6:00-ден бастап 9500-ден астам "Дауыс" бақылаушысы республиканың ең алыс өңірлерінен бастап елордаға дейін дауыс беру учаскелерінде өзінің орындарын алды. Қазіргі уақытта сайлау комиссияларының жұмысына қатысты ешқандай шағым немесе теріс пікірлер тіркелмеген. Барлық бақылаушы қолданыстағы заңнамаға сәйкес дауыс беру учаскелеріне жіберілді, ал дауыс беру процесі тыныш және дұрыс өтіп жатыр. Дауыс беру учаскелерінде жақсы атмосфера орнаған, азаматтар сайлауға мерекелік көңіл-күймен келіп жатыр. Көпшілігі таңертең келіп, дауыс беру учаскелерінің ашылуын күтіп, сыйлықтар алды. «ДАУЫС» ҚБК дауыс беру аяқталғанға дейін, дауыстар саналғанға дейін бақылауын жалғастырады. Біз бақылаушыларымызбен үздіксіз байланыста боламыз және қоғамды референдум барысы туралы хабардар етеміз. Біз бірлескен күш-жігерімізбен дауыс беру процесінің ашықтығы мен әділеттілігін қамтамасыз ете алатындығымызға сенімдіміз.
Төлеген Күнәділов, «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясы» РҚБ төрағасы.