Сафондық тұрғындар референдумға ұлттық киіммен келді

Сафон ауылының тұрғындары дауыс берді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Қадыр Мырза Әли атындағы орта мектептің кіші қызметкерлері Қуаншалиева Балым, Нуртаева Римма, Бердіғалиева Ляззат, Тұяқбасарова Болған, Избасарова Лена референдумға ұлттық киім киіммен келді. 

«Біз елімізде АЭС салынатынын алғаш Құрманғазы аудандық «Серпер» басылымынан білдік. Бүгін реферндумға келіп таңдауымызды жасап жатырмыз. Осы орайда, ұйымдастырушылардың барлығына шексіз алғысымды білдіргіміз келеді» дейді олар.