Референдум: Атырауда 94 инватакси қызмет көрсетпек

Барлық учаскелер материалдық-техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Мүгедектігі бар азаматтарға жағдайлар жасау бойынша қосымша шаралар қабылданды.

Барлық учаскелер тактильдік белгілер, көз жанары ақаулығы бар азаматтарға аудионұсқаны тыңдағаннан кейін өзі бюллетеньді толтыру үшін трафареттермен қамтамасыз етілген.

Атырау қаласы және аудандарда 94 инватакси қызметі ұйымдастырылады. Әлеуметтік қорғау органдары арқылы 15 сурдоаудармашыларды тарту көзделген. 

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ