ATPress.kz. 22 маусым. Қазақстанда парламентаризмді дамытудың маңызы зор. Ол Парламент пен жергілікті өкілетті органдар жұмысын жетілдіріп, демократиялық институттардың рөлі мен тиімділігін арттырады.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «Қазақстан парламентаризмді дамыту қоры» қоғамдық қорының президенті Зәуреш Батталова мәлімдеді. Жергілікті үкіметтік емес ұйымдармен бас қосқан жиында қор қызметінің мәні түсіндірілді. Әсіресе, сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытында қоғамдық бірлестіктермен бірге ауқымды жұмыс жүргізу қажеттігі айтылды.
Қордың алға қойған мақсат-міндеті көп. Ол:
- Қазақстанда Парламент құзіретін билікті айқын бөлісу жүйесінде басымдылық деңгейіне дейін ұлғайтуға бағытталған конституциялық-құқықтық өзгерістерді жүзеге асыру үшін жағдай жасау;
- ҚР Парламенті мен жергілікті өкілетті органдар қызметінде ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету;
- ҚР Парламенті мен жергілікті өкілетті органдар қызметіне мониторинг жүргізу, баға беру және болжау;
- ҚР Парламенті депутаттарына заң жобаларын дайындау мен бағалауда сарапшылық көмек көрсетіп, олардың заң шығарудағы бастамашылық құқын жүзеге асыруға көмектесу;
- Қазақстанда азаматтық қоғам мен демократиялық көзқарасты дамытуға бағытталған қоғамдық бастамаларды қолдау болып табылады.
Айдос Қарабала
Фото akorda.kz сайтынан алынған