Конституцияның өзгерілуі - үлкен реформаның бастамасы

АTPress.kz. 14 наурыз. Парламент Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі Дархан Қалетаев конституцияның өзгерілуін саяси саладағы үлкен реформаның бастамасы ретінде қарау керектігін айтты.

Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында Дархан Қалетаев

- Бұл  қадам-жаңа бастамаға апарар жол, саясат саласындағы үлкен реформаның бастауы. Әлемде жағдай өзгерді. Президенттік билік күшейтілуде. Президенттің рөлі артқан ағайынды елдерде бірқатар конституцияларды өзгертуге дайындық басталып кетті. Бұл еліміздегі саяси өзгерістің зор бастамасы, - деп атап өтті. 

Спикердің айтуынша, Конституцияның жаңа редакциясында  бірқатар жаңашылдыққа басымдық берілген. Атап айтсақ, Парламент рөлінің көтерілуі, мемлекет басшысының бірқатар өкілеттіліктерінің Үкіметке тапсырылуы, сот жүйесі мен прокуратураның конституциялық негізінің нақтылануы, тағы басқа.

- Конституцияның жаңа ережесі Үкімет мүшелерінің, Парламент депутаттарының жауапкершілігін нығайтуда  тұрақты және келісілген жұмыстың бастамасына әкеледі. Барлық конституциялық реформа биліктің барлық тармақтарының жауапкершілігін арттыруға бағытталған, - деді Дархан Қалетаев.

 

Мереке Асанова

Сурет Vlast.kz сайтынан алынған