ATPress.kz. 1 наурыз. Жерді мемлекетке мәжбүрлеп қайтарудың тәртібі нақтыланды.
«Қаз Ақпарат» агенттігінің хабарлауынша, мемлекет қажеттілігі үшін жер телімін қайтарудың алдында мүлік иесіне оның нарықтағы құны немесе басқа жер телімі беріледі.
Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту және төрелік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау барысында ҚР әділет министрі Марат Бекетаев мәлім етті.
Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп алып қоюға қатысты түзетулер қамтылған. Атап айтқанда, жер учаскелерін мемлекет қажеттігіне мәжбүрлеп алуға оның нарықтық баға құнымен немесе басқа да жер телімін беру шарты сақталған кезде ғана жол беру ұсынылып отыр, деп түсінік берді министр.
Бек Әзберген
Сурет: inform.kz