Жеке тұлғалардың банкке қарызы 116 млрд теңгеден асқан

ATPress.kz. 30 маусым. Атырау облысында несие алған жеке тұлғалардың қарызы 116 млрд теңгеден асқан. Бұл жалпы тұтынушылық несие көлемінің 37,3% құрайды. Сондықтан, биыл 2 маусымда күшіне енген «ҚР коллекторлық қызмет туралы» Заң қажеттіліктің өтеуі болып

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Ұлттық банкі Атырау филиалының директоры Айнұр Көшербаева хабарлады. Оның айтуынша, Атырау облысында ресми 7 коллекторлық компания тіркелген. Солардың ішінде 1 заңды тұлға, 2 филиал мен 4 өкілдік бар. Бүгінгі таңда 38 коллекторлық компания банктермен бірлесіп жұмыс атқаруда. 

Жалпы, жуырда қабылданған жаңа заң жобасы коллекторлық қызметтер нарығын дамыту, борышкерлер мен кредиторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, коллекторлық агенттіктер қызметінің ашықтығын күшейту, берешегін өндіріп алу бойынша жұмыста тиімділікті және қауіпсіздікті арттыруға бағытталған.

 

Айдос Қарабала