Террористік қауіптіліктің "сары" деңгейі алынып тасталды

ATPress.kz. 7 ақпан. Республикалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб басшысының 16 қаңтарындағы бұйрығымен бүкіл Қазақстан Республикасы шеңберінде бірқалыпты «сары» террористік қауіп деңгейі алынғандағы туралы шешім қабылданды.

Бұл туралы бүгін Республикалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы хабарлады.

- ҚР Президентінің 2013 жылғы 9 тамызындағы №611 «Терроризм актісі қатерінің туындауы ақпарат мониторинтің және халықты хабардар етуді мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеу қағидаларына» сәйкес, ҚР ҰҚК төрағасы - Республикалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабының басшысының 2017 жылдың 16 қаңтарындағы бұйрығымен, бүкіл Қазақстан Республикасы шеңберінде бірқалыпты «сары» террористік қауіп деңгейі алынғандағы туралы шешім қабылданды, - делінген хабарламада.

 

Мереке Асанова

Сурет Рахим Қойлыбаевтікі