ATPress.kz. 3 тамыз. Тамыз айы басталысымен Атырау облысында 2 адам суға батып кетті. Оның біреуі – 33 жасар жігіт болса, екіншісі - 16 жастағы бозбала.
Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Қайғылы жағдай алдымен 1 тамыз күні сағат 17.15 Құрманғазы ауданына қарасты Бірлік селосында болған. 2001 жылы дүниеге келген жасөспірімнің денесін Қиғаш өзенінен жергілікті тұрғындар шығарып алыпты.
Ал екінші қайғылы жағдай Атырау қаласының іргесіндегі Бесікті селосында болған. 1 тамызда сағат 21.26 С. Н. есімді азамат Жайық өзеніне түсемін деп, суға батып кеткен. 1984 жылы туған марқұмның денесін жергілікті ауылдың азаматтары тауып алған.
Облыстық төтенше жағдай департаменті мамандарының айтуынша, екі қайғылы жағдай да суға түсуге болмайтын қауіпті жерлерде болған.
Айдос Қарабала
Фото pharmaved.ru сайтынан алынған