ATPress.kz. 15 мамыр. Атырауда 21 жасар жігітті тонаған қыз іздестірілуде. Ол жәбірленушіні қорқыту арқылы екі пакетке салынған 40 дана сушиі мен 11 мың теңгесін қолды еткен.
Бұл туралы Атырау облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Оқиға 14 мамырда, сағат түнгі он екі шамасында болған. Тоналған жігіт қаладағы «Суши-маркетінде» жеткізіп беруші болып жұмыс істейтін азамат.
Полицияға қылмыс туралы хабарлама түсісімен, жедел-іздестіру жұмыстары басталған. Нәтижесінде оқиға орнынан жеті саусақ ізі табылыпты.
Бүгінде күдіктінің жеке басы, аты-жөні анықталып отыр. Ол Атырау қаласында тұратын 24 жасар қыз екен.
Қылмыстық Кодекстің 191 бабы, екінші бөлігі, яғни «тонау» бабы бойынша іс қозғалды. Қазір қылмысқа қатысы бар деген болжаммен бойжеткен іздестірілуде.
Айдос Қарабала