ATPress.kz. 11 желтоқсан. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров шетелде жатқан ақшаны қайтаруға қатысты пікір білдірді.
Қазіргі есепке сәйкес, 18 отандық компания 12,5 млрд долларды шетелде ұстап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі. Агенттік басшысының айтуынша, қазіргі заңнамада ұлттық компаниялардың ақшаны шетелге шығаруына қатысты нақты шектеу жоқ.
«Қазіргі жағдайда ақшаның елге қайтарылғаны қажет. Президент осы мәселеге баса назар аударды. Қолданыстағы заңнамада нақты шектеу жоқ. Дегенмен, ол жұмысты жасауға әбден болады деп ойлаймын. Онымен Үкімет те, ұлттық компания басшылары да айналысады. Енді, бұл - ұрланған, я болмаса, қылмыстық жолмен келген ақша емес. Ол - Қазақстанның өз ақшасы, ресми қаражаты. Оны елге қайтару қажет. Осы жұмысқа біз де атсалысатын боламыз», - деді Қожамжаров журналистерге берген сұxбатында.
Бек Әзберген
Сурет: kapital.kz