Қаржылық заң бұзушылықтар 1,5 миллиард теңгеден асқан

ATPress.kz. 17 мамыр. Атырау облысындағы бюджеттік және мемлекеттік мекемелердегі қаржылық заң бұзушылықтар 1,5 млрд теңгеден асқан. Бұл биыл жүргізілген 32 аудиторлық іс-шараның негізінде анықталып отыр.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы Еркебұлан Марайымов осылай деді. Оның айтуынша, заңсыздыққа жол берген 95 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған, 11 млн теңгеден астам айыппұл салынып, оның жартысына жуығы бюджетке өтеліпті. Бұдан басқа, комплаенс, яғни салыстырмалы бақылаудың нәтижесінде екі адамға 816 мың теңге айыппұл тағылған. 

Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алу саласында да заң бұзушылықтар көп. Бұл бағытта биыл 27 млн теңгеден астам қаражат мақсатсыз аударылған. Осы орайда, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында іс-шаралар жоспары түзілді. Қазір аудандардағы ұйымдар, мекемелер үшін техникалық оқулар өткізілуде.

 

Айдос Қарабала

Фото Нұрбейбіт Нұғымановтікі