Көлік апатынан 3 адам тірілей өртеніп кетті

ATPress.kz. 7 тамыз. Атырау облысында 3 адам көлік апатына түсіп, тірілей өртеніп кетті. Қайғылы жағдай 7 тамызға қараған түні, сағат 00.01-де орын алған.

Бұл туралы Атырау облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Айтуларынша, көлік апаты «Атырау-Индер» тас жолының 165 шақырымында болған. Болжам бойынша, "Мерседес" маркалы автокөлік жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, "Маз 544008" маркалы "КамАЗ" машинасына соғылған. Салдарынан, "Мерседес" көлігі өртеніп, мұндағы 3 адам (жүргізуші, 2 жолаушы) өрт құрсауында қалған. 

Бүгінде бұл оқиғаға қатысты облыстық ішкі істер департаментінде сараптама жүргізілуде.

 

Айдос Қарабала

Фото novostivolgograda.ru сайтынан алынған