Атыраулық жүргізуші 327 мың теңге айыппұл арқалады

"Қауіпсіз жол" іс-шарасы аясында 327 мың теңге айыппұлын төлемеген жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

"Қауіпсіз жол" іс-шарасы кезінде, 19 ақпан күні сағат 20:30 шамасында Жедел басқару орталығының қызметкерлері маркасы Toyota Camry автокөлігін күдік тудырғанын байқап, патрульдік полицейлерге бағыттама берген. Полицейлер автокөлікті тексеру кезінде автокөліктің 327 мың теңгені құрайтын 5 айыппұлы бар екені анықталды. Автокөлік арнаулы тұраққа қойылды. Сондай-ақ, жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 785-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырды. Осы ретте,атыраулық полицейлер жол ережесін қатаң сақтап, айыппұлдарды мерзімінен кешіктірмей өтеу керектігін ескертеді.