ATPress.kz. 3 шілде. Атырау облысының Қызылқоға ауданында шіліңгір шілденің аптапты ыстығынан 4 мың гектар жер өртеніп кетті. Тілсіз жаудың ошағы Миялы селосынан 85 шақырым жердегі учаскеден тіркелген.
Бұл туралы Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлайды. Өрт туралы дабыл 1 шілде күні сағат 14.30 шамасында келіп түскен. Ал, кешкі сағат сегізде өрт толықтай сөндірілген.
Тілсіз жаумен күресуге өрт сөндірушілердің жеке құрамынан 8 адам және ерікті топтан құралған 22 адам жұмылдырылған. Сондай-ақ, 9 арнаулы техника тартылған.
Абырой болғанда, адам өлімі және мал шығыны жоқ.
Айдос Қарабала
Фото nk-tv.net сайтынан алынған