Аға тергеуші пара алу кезінде ұсталды

ATPress.kz. 25 тамыз. Атырау облысының Индер ауданында ішкі істер бөлімінің аға тергеушісі пара алу кезінде ұсталды. Ол қылмыстық істі тоқтату үшін аудан тұрғынынан 90 мың теңге сұраған.

Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады. Осы қылмысы үшін қалалық №2 соттың судьясы аға тергеуші А.Б.- ға қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берген. 

Тергеу дерегінше, полицей қылмыстық қудалауға ұшыраған баланың әкесінен қылмыстық істі тоқтату үшін 90 мың теңге пара алған. Сондай-ақ, тергеуші баланың үстінен іс қозғалғаны туралы оқу орнына хат жібермеуге уәде еткен.

Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері полицейді пара алу кезінде құрықтады. Бүгінде тергеу амалдары жалғасуда.

 

Айдос Қарабала

Фото timeskz.kz cайтынан алынған